Өткен аптада Маңғыстау облысында бес өрт болды. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз орталығы.
Өрттің бірі Жаңаөзенде 6 ақпан күні сағат 18:53-те болған. 3а шағын ауданда стадион жанында ГБО орнату үшін гараждың үш боксының біреуі жанған, сондай-ақ 2000 жылы шыққан Lexus LX 470 автокөлігі жанған. Жану алаңы 30 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 30 жастағы ер адам зардап шекті. Ол бет пен екі қолдың термиялық күйіктерін алды.
«Samruk Safety Education» оқу орталығы өрт қауіпсіздігі, газболлон жабдығын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар курстарды әзірледі.