2021 жылғы 18 ақпанда Samruk Safety Education оқу орталығы «Сэйболт Инспекшн Сервисез Қазақстан» ЖШС компаниясының қызметкерлерін ҚР №188 «азаматтық қорғау туралы» Заңының (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету) курсы бойынша оқытуды өткізді.
Оқыту Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жүргізілді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқудан өткен қызметкерлерге куәліктер, белгіленген үлгідегі хаттамалар берілді.