Қолдануға рұқсат
1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, кауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсатты беру туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.
3. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты кері қайтарып алады.
4. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында барлық нарық субъектiлерi үшiн қолданылады және оларды қайта алу талап етілмейді.
Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, детальдарды, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімінен (сертификаттаудан) өткен техникалық құрылғыларға рұқсаттар беру талап етілмейді.