Жүк кемесі Әзірбайжаннан Ақтау портына бағыт бойынша жүрді, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналында.
Анықталғандай, «Түркістан» жүк кемесінде сол жақ бас қозғалтқыштың пайдаланылған газ құбыры қаптамасының жануы орын алған. Кеме Әзірбайжан Республикасының аумақтық суларынан тыс, Чилов аралынан 30 миль қашықтықта орналасқан.
Бортта 10 адамнан тұратын экипаж болды (төрт ҚР азаматы және алты РФ азаматы). Зардап шеккендер жоқ.
Кемеде жүк болған жоқ.
Жану ошағы көмірқышқылды көлемді өрт сөндірудің стационарлық жүйесін қолдана отырып, экипаж күшімен сөндірілді.