Ақтау қ., 2 ш/а.,
«Сұңқар» БО, 525 офис
8 7292 54-51-67
+7 701 252 60 23
info@sse.kz
+7 701 252 60 23

Инженерлік-техникалық жұмысшыларға / жауапты лауазымды адамдар мен жұмысшы персоналға арналған «Азаматтық қорғау туралы» (Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету) No 188 Қазақстан Республикасының Заңы

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшыларына жүктеледі.

Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарға тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.

Даярлау, қайта даярлау оқытуды жүргізу және білімін кейіннен тексеру (емтихандар) арқылы жүзеге асырылады.

Кімге оқу бағдарламасын өту керек?

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188 Заңының 79-бабына сәйкес. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер:

  • Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
  • Техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.

Курс аяқталғаннан кейін қызметкерлер белгіленген үлгідегі құжаттарды алады:

• Хаттама;
• Куәлік (қолданылу мерзімі 10 сағаттық бағдарлама бойынша 1 жыл және 40 сағаттық бағдарлама бойынша 3 жыл);
• Үлестірме материал.

сұраныс жіберу

Бізге өтініш жіберу үшін төмендегі өрістерді толтырып, «Жіберу» батырмасын басыңыз. Жақында біздің менеджерлер сізбен байланысады.