2021 жылғы 17 наурызда «Mangystau Oil Refining» ЖШС ұйымының әкімшілік-техникалық персоналының электр қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру өтті.
Бұл курстың бағдарламасы келесі негізгі сұрақтарды қамтиды:
- Персоналдың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
- Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру жөніндегі талаптар
- Наряд бойынша жұмыс тәртібі
- Өкім бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
- Ағымдағы пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
- Бригада құрамы
- Жұмыс орнын дайындауға және жұмысқа жіберуге рұқсат беру тәртібі
- Жұмыс орнын дайындау және бригаданы наряд және өкім бойынша жұмысқа алғашқы жіберу
- Жұмыс жүргізу кезіндегі бақылау, бригада құрамындағы өзгерістер
- Бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыру
- Жұмыстағы үзілістерді және жұмысқа қайта рұқсатты ресімдеу
және т.б.
Білімді сәтті тексеру аяқталғаннан кейін қызметкерлер белгіленген үлгідегі құжаттар алды.