Ақтау қ., 2 ш/а.,
«Сұңқар» БО, 525 офис
8 7292 54-51-67
+7 701 252 60 23
info@sse.kz
+7 701 252 60 23

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша оқыту.

20.01.2021

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «АНСК» ЖШС қызметкерлеріне қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум мәселелері бойынша көшпелі оқыту жүргізілді. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша мерзімді, кемінде үш жылда бір рет оқудан және білімін тексеруден өтеді.

Қызметкерлер жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық білімдерімен және практикалық тәсілдерімен танысты , білімдерін тестілеу арқылы тексеру жүргізілді.

Оқудан және білімін тексеруден өткен жауапты қызметкерлерге белгіленген үлгідегі куәліктер, сертификаттар берілді.