Ақтау қ., 2 ш/а.,
«Сұңқар» БО, 525 офис
8 7292 54-51-67
+7 701 252 60 23
info@sse.kz
+7 701 252 60 23

Өрт-техникалық минимум

Өрт-техникалық минимум-бұл кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті бірқатар шараларды қарастыратын бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 (21.12.2022 ж. № 322 өзгертулермен) бұйрығына сәйкес өрт-техникалық минимумын оқыту өндірістен қол үзіп және өндірістен қол үзбей ұйымдастырады.

Осы қағидалардың 28-тармағында көрсетілген, ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін өндірістен қол үзіп, өрт-техникалық минимумына оқыту жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде және кейіннен соңғы оқытудан өткен күнінен бастап үш жылда кемінде бір рет өткізіледі.

Өндірістен қол үзбей өрт-техникалық минимумына оқыту бір жылда кемінде бір рет өткізіледі.

Оқу орталықтарында өндірістен қол үзіп өрт-техникалық минимумын оқытудан:

1) ұйымдардың басшылары;
1-1) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауаптылар;
2) объектінің функционалдық мақсатына байланысты емес қызметті жүзеге асыратын қосалқы персоналды қоспағанда, жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б өндірісіндегі санаттарымен үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары мен қондырғылары бар объектілердің жұмыскерлері;
3) электрмен-газбен дәнекерлеу жұмыстарын, бензокескішті, желімді, мастиканы, полимерлік материалдарды, дәнекерлеу лампаларын, алауларды, жанарғыларды, битумды қолданатын жұмыстарды, сондай-ақ жылу мен ұшқын бөлетін жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер;
4) басшының шешімімен жұмысшылар өтеді.
4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты жұмыскерлер;
5) Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарынан басқа, адамдар жаппай жиналатын объектілердің өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты жұмыскерлер, оның ішінде жекелеген жұмыс учаскелерінің жұмыскерлері.

Өндірістен қол үзбей өрт-техникалық минимумын оқытудан:

1) ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері;
2) педагогикалық қызметкерлер;
3) электриктер;
4) жеке меншік күзет ұйымдарының күзетшілерінен басқа, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлер;
5) адамдар жаппай жиналатын объектілердің жұмыскерлері, осы Қағидарлардың 28-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жұмыскерлерді қоспағанда.

Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқытуды оқу орталықтарында оқудан өткен, ұйым басшысы немесе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам тікелей ұйымда жүргізеді.

Курс аяқталғаннан кейін қызметкерлер белгіленген үлгідегі құжаттарды алады:

• Хаттама;
• Куәлік;
• Үлестірме материал.

сұраныс жіберу

Бізге өтініш жіберу үшін төмендегі өрістерді толтырып, «Жіберу» батырмасын басыңыз. Жақында біздің менеджерлер сізбен байланысады.