Ақтау қ., 2 ш/а.,
«Сұңқар» БО, 525 офис
8 7292 54-51-67
+7 701 252 60 23
info@sse.kz
+7 701 252 60 23

Декларацияларды әзірлеу

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы дегеніміз не?

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы (бұдан әрі – декларация) жобаланатын, қолданыстағы қауіпті өндірістік объектілер үшін әзірленеді және өнеркәсіптік өндірісті пайдалануға беру, пайдалану және пайдаланудан шығару кезеңдерінде оның қауіптілігін сипаттауға тиіс.

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясыавария, инцидент тәуекелін жан-жақты бағалау, авариялардың алдын алу бойынша және ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға, қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарын оқшаулауға және жоюға дайындығын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралардың жеткіліктілігін талдау нәтижелері ұсынылған құжат.

«Азаматтық қорғау туралы» № 188-V ҚРЗ 76-бап. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға қауіпті өндірістік объектілерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады.

      2. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi – декларация) жобаланатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өндірістік объектілер үшін әзірленеді.

      3. Декларация әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым дербес жүзеге асырады.

      4. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.

      Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы декларацияның уақтылы ұсынылуына, онда қамтылған мәлiметтердiң толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      6. Декларацияға тіркеу шифрын беруге арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.

      7. Қауiптi өндірістік объектiнi өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.

      8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      9. Қауіпті өндірістік объектіні жаңғырту немесе қайта бейіндеу жағдайларын қоса алғанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда, декларация өзгертілуге жатады.

      Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта тіркелуге жатады.

отправить заявку

Чтобы отправить нам заявку заполните поля ниже и нажмите кнопку «Отправить». Наши менеджеры свяжутся с вами в ближайшее время.