ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТ-НӘТИЖЕСІН БАСҚАР!

Samruk Safety Education– Қазақстанның барлық аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі салаларында оқыту және білімді тексеру қызметін көрсетеді. Оқу бағдарламалары ҚР ТЖМ ТЖ мен ӨҚ Мемлекеттік бақылау Комитетінде, сонымен бірге салалық департаменттерде тікелей келісілген.

Оқу бағдарламалары тыңдаушылардың толықтай игеруіне бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны анықтаумен қатар ұлттық, сондай-ақ халықаралық оқыту жүйесінің талаптарын ескере отырып жасалды. Оқыту әдістеріне айрықша көңіл бөлінеді, ол үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға арналған көрнекті құралдар, құрылғылар мен жаттығу құралдары кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ҚР ТЖМ ТЖ мен ӨҚ Мемлекеттік бақылау Комитетімен келісілген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Салалық департаменттердің инспекторларының қатысуымен семинарлар өткізіледі.

Samruk Safety Education– барынша озық және жаңашыл әдістер мен технологияларға сүйенетін серпінді даму үстіндегі компания.

Оқыту үш тілде: Қазақ, Ағылшын және Орыс тілдерінде жүргізіледі. Тапсырыс берушімен келісім бойынша басқа тілдерде де оқыту мүмкіндігі қарастырылған .