ҚЫЗМЕТКЕРДІ ЖЕТІЛДІР-НӘТИЖЕСІН БАСҚАР!

Samruk Safety Education–  төмендегі қызмет түрлерін ұсынады:                                                                                  Оформить заявку

ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЬЕКТІЛЕРДІҢ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ, ҚАЙТА ДАЙЫНДАУ, ОЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша курстар

1.ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі  №188-V “Азаматтық қорғаныс  туралы”  Заңы – қауіпті өндірістік обьектілердегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлғаларға, сондай-ақ  оларда жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған – 10 сағат;
2. ҚР  2014 жылғы 11 сәуірдегі  №188-V “Азаматтық қорғаныс  туралы”  Заңы –  техникалық жетекшілер мен мамандарға, инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған – 40 сағат
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары (1;2-бөлім)
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары (3-бөлім)
5. Мұнай-газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
6. Мұнай және газ кен орындарын өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
7.Теңізде мұнай-газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
8. Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
9. Мұнай базасы және жанар-жағар май құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
10.Мұнай және газ ұңғымаларын жер астында жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
11.Иондаушы сәуле көздерін қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
12. Жарылыс қаупі бар және зиянды газдармен жұмыс істейтін поршенді компрессорлары бар компрессор қондырғыларын орналастыру және қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
13. Сығылған және көмірсутекті газдарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
14. Табиғи газдарды бөлу және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
15. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды орналастыру және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптар
16. Химия өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
17. Ашық тәсілмен пайдалы қазбалар кенішін өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 18. Сығылған газдың автокөлікке май құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
19. Стационарлық компрессорлы қондырғыларды, ауа құбырлары мен газ құбырларын орналастыруға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптар
20. Жүк көтергіш механизмдерді орналастыруға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
21. Бу және ыстық су құбырларын орналастыруға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
22. Бу және су қыздыру қазандықтарын орналастыруға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
23.Жарылыс-өрт қаупі бар өндірістер үшін жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
24. Күкіртсутекті жағдайларда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
25. Биіктікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
26. Тұйық кеңістікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
27. Жүк көтеру машиналарымен жұмыс жүргізуде жүк ілушілерді дайындау
28. Химиялық заттармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары
29. АҚ және ТЖ кезінде қызметкерлерді оқыту
Оқу және білімді тексеру табысты аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға білімді тексеру хаттамасы және белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады. Аталған құжаттар белгіленген тәртіп бойынша ТЖ департаментінің мемлекеттік инспекторының мөртаңбасымен расталады.

 

Өрт қауіпсіздігі бойынша курстар

1. Өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту
2. Шұғыл әрекет ететін құтқару командасы мүшелерін әзірлеу  (ERTM)
Оқу және өрт сөндіру мен өзін-өзі құтқару бойынша тәжірибелік машықтарын, білімдерін тексеру аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға білімді тексеру хаттамасы және белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курстары

1. Еңбек кодексі
(Негізгі бөлім және Ерекше бөлім)
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқамадан өткізу және білімін тексеруді жүргізу ережелері
3. Еңбек (қызмет) міндеттемелерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
4. Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік обьектілерді міндетті кезеңдік аттестациядан өткізу ережелері
5. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
Оқу және білімді тексеру табысты аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға: жұмысшы қызметкерлер үшін оқу мекемесінің мөрі қойылған, мемлекеттік еңбек инспекторының мөртаңбасымен расталған білімді тексеру хаттамасы; инженерлік-техникалық құрам ішіндегі қызметкерлер үшін оқу мекемесінің мөрі қойылған, мемлекеттік еңбек инспекторының мөртаңбасымен расталған хаттама және сертификат беріледі.

Электр қауіпсіздігі бойынша курстар

Техникалық қауіпсіздік ережелері және техникалық пайдалану ережелері бойынша оқыту және білімдерін тексеру
рұқсат етудің II–Vтоптарының берілуі

Оқу және білімді тексеру табысты аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға Мемлекеттік энергиялық қадағалау комитетінің мөртаңбасымен расталған, оқу мекемесінің мөрі қойылған куәліктер және білімді тексеру хаттамасы беріледі.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді оқыту курстары

Алғашқы дәрігерлік көмек (базалық деңгей)
Алғашқы дәрігерлік көмек (ілгері деңгей)

Курсты тәжірибелік машықтары қалыптасқан, сертификаттары бар медицина қызметкерлері жүргізеді. Оқу және білімді тексеру табысты аяқталғаннан кейін тыңдаушылар оқу мекемесінің мөрімен расталған сертификат алады.

Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы курстар

Қауіпсіз көлік жүргізу
Қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе курс
Жұмыс қауіпсіздігін талдау (OSHA 3071 2002)
Қауіп-қатерді бағалау және басқару
Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті жүйелендіру (5S бағдарламасы)

Кәсіби жетілдіру курстары
  • Конфликтология
  • Кәсіптік өртенудің алдын алу
  • Коммуникациялық дағдыларды жетілдіру
  • Іскерлік қарым-қатынас
  • Презентация өткізу дағдылары
  • Нәтижелі көшбасшы дағдылары
  • Команданы құру
  • Уақытты басқару
  • DiSC жүргізуді халықаралық бағалау жүйесі
  • Мемлекеттік тілде іс жүргізу
  • Құзыреттіліктер бойынша интервью
  • Бизнес қауіп-қатерін бағалау
  • Күйзеліспен жұмыс
  • Іскерлік хат алмасу
  • Шығындарды басқару

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САРАПТАМАЛАРЫН ЖҮРГІЗУ

Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы – обьектіге қойылған өнеркәсіптік қауіпсіздік және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаларға сараптау обьектісінің сәйкестігін немесе сәйкессіздігін бағалау, оның нәтижесі қорытынды болып табылады.

Сараптамаға мыналар жатқызылады

1) қауіпті өндірістік обьектінің құрылысын салу, кеңейту, реконструкциялау, қайтадан техникалық құралдандыру, консервациялау және тарату бойынша жобалау құжаттамасы;

2)  қауіпті өндірістік обьектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың жағдайы;

3) қауіпті өндірістік обьектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

4) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы;

5) апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін аттестат алу құқығындағы ұйымдар;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру құқығына аттестат алатын ұйымдарды.

ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЬЕКТІНІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ.

Қауіпті өндірістік обьектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы - қауіпті өндірістік обьектідегі апат салдарларын тоқтату мен жою бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік обьектінің ұйымдастыру мен пайдалану дайындығын қамтамасыз ету бойынша және апат, оқиға қауіп-қатерін жан-жақты талдаудың, апаттардың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың жеткілікті болуын талдау нәтижелері көрсетілген құжат.

№314  «Қауіпті өндірістік обьектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚРЗ 11-1-баптары.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау

       1. 1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.

Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.

Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.

Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi – декларация) қауiптi өндiрiстiк объектiнi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзiрленедi, қайта қаралады.

3. Декларация мынадай мәлiметтердi:

1) қауiптi заттар (оның iшiнде өндiрiлетiн) тiзбесiн және олардың сипаттамаларын;

2) қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);

3) қауiптi өндірістік факторлардың таралуы туралы технологиялық деректердi;

4) қауiптiлiк пен тәуекелге талдауды;

5) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шешiмдердi;

6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;

7) қызметкерлердi авария жағдайында iс-әрекетке дайындауды;

8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерiнiң схемасын;

9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесi; адамдарды қорғау жөнiндегi құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтiк ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиiс.

4. Декларацияны әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйым не өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады.

5. Декларация ондағы өндiрiстiк қауiпсiздiк мәлiметтерi өзгерген немесе өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өзгерген кезде өзгерiстер пайда болған кезден бастап үш ай iшiнде нақтыланады.

6. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi.

Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның иесi декларациядағы мәлiметтердiң уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

7. Декларация сараптамадан өткiзiледi.

Декларацияға өзгерiстер енгiзiлген кезде ол мiндеттi түрде қайтадан сараптамадан өткiзiлуге тиiс.