ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТ-НӘТИЖЕСІН БАСҚАР!

Samruk Safety Education – өнеркәсіптік сервис, мұнай өндіру, мұнай өңдеу, мұнай химиясы, тау-кен өндірісі, металлургия салаларында әрекет етуші  Қазақстан мен Ресей компаниялары үшін қызметкерлерді оқыту бойынша қызметтерді ұсынатын оқу орталығы.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы курстар (қауіпті өндірістік обьектілердегі қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға рұқсат беру);

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
  • Рұқсат берудің  II – V тобы бойынша электр қауіпсіздігі;
  • Кәсіби даму курстары;

Атестат русКомпания өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығы бойынша  ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік пен төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау комитетінде аттестаттаудан өткізілді:

  1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірістік обьектілері  мамандарын дайындау, қайта дайындау, олардың біліктілігін арттыру;
  2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптамалар жүргізу;
  3. Қауіпті өндірістік обьектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларацияларын әзірлеу

Өз жұмысында оқытудың дәстүрлі әдістерімен үйлестірілген озық оқыту технологияларын пайдаланады.

Штатында қауіпсіздік техникасы мен сабақ беру саласы бойынша көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді.


Біздің көретініміз

Сіздің қызметкерлеріңіздің қауіпсіздігі және бизнесіңіздің табысты болуы біздің жауапкершілігіміз бен кәсіби білігімізге тікелей байланысты екеніне сенімдіміз.

Біздің стратегиямыз

  • Тұрақтылық пен Кәсібилік;
  • Әрбір клиентпен жеке жұмыс істеу және нәтижені көздеу;
  • Әрбір сұрақты жүйелі зерделеу және оған көңіл бөлу;
  • Оқу, ұлттық және халықаралық стандарттар саласындағы озық және маңызды шешімдерді үнемі іздестіру және қолдану.

Біздің мақсатымыз

Өз ісімізде үздік атану!